Желтоқсан айының 18-і мен 20-сы аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 2 күнінде полиция қызметкерлері барлығы 136 әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаса, 10 қадағалаусыз қалған кәмелетке толмағандар бейімдеу орталығына жеткізілді.
Жүргізілген рейд нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 16 ата-анаға хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша барлығы 103 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама ресімделіп, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын алу, ескерту, жолын кесу. Сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!