Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Балалар түнгі қалада»: 1 күнде 116 жасөспірім жеткізілді

16.07.2024, 11:20 203

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы көлемінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстарды алдын алу бағытында және кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрысына бақылау жасау мақсатында 15-17 шілде аралығында рейдтік іс-шара өткізілуде. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараның 1 күнінде полиция органдарына барлығы 116 кәмелетке толмаған жеткізілсе, оның ішінде 108 кәмелетке толмағанға әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін, ал қалған 8-і қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін әкелінді.

Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 8 ата-анаға хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша барлығы 94 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Көрнекі  сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: