Жаңақорған аудандық сотында қарыз ақша өндіру дауы туралы азаматтық іс адвокаттардың жәрдемдесуімен келіссөздер жүргізу арқылы, яғни партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.
Істі сот талқылауына дайындық барысында, алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық еткен судья тараптарға дауды татуласу, медиация, партисипативтік рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын түсіндірген.
Іс құжаттарына сәйкес іс бойынша талап қоюшы С. жауапкер И.-ден қарыз ақша өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Сот отырысында тараптардың адвокаттары дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Сотта дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріліп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтіні және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындығы анықталды.
Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы келісім бекітілді және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатылды.
Жаңақорған аудандық соты
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!