Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азамат қайта түзеу мекемесіне жіберілді

13.01.2024, 19:05 166

Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі 7-тармағымен кінәлі деп танылған «Ж» есімді азамат 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қауіпсіздігі барынша қатаң режимге түзеу мекемесінде өтеу белгіленген.

Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысымен ҚК-нің 73-бабы бойынша жазасының өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне яғни, бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған «Ж» есімді азамат Қызылорда қалалық пробация қызметі есебінде жүріп, жаза өтеу шарттарымен тәртіптерін бұзып, әкішімшілік құқықбұзушылықтарға жол беріп, сот жүктеген міндеттерден бірнеше рет бас тартқаны үшін Қызылорда пробация қызметінің аға инспекторы С.Спанов тарапынан, сотқа бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру бойынша Қызылорда қалалық №2 сотына ұсыныс жолданып, «Ж» есімді азамат Қызылорда қалалық №2 сотының шешішімімен 1 жыл 7 ай 17 күнге бас бостандығынан айыру жазасына қайта ауыстырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: