Қазақстан Республикасы Қаржылық монитринг агенттігі Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен аса ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасы қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бірнеше лауазымды тұлғалары өздерінің қызмет бабын пайдалана отырып, облыс аумағында 2019-2020 жылдарға арналған бірнеше жобалар бойынша инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру барысында бірнеше кәсіпкерлік нысандарымен келісімге келіп, аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салып, жымқыруды жүзеге асырған. Яғни, бұл қызметкерлер бірқатар шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмаса да, жабдықтар мүлдем қойылмаса да, жұмыстардың толық орындалғаны туралы жалған актілерді толтырып, қол қойған.
Жүргізілген сот-құрылыс сараптамалары негізінде бірнеше шаруа қожалықтары бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 26 млн 792 мың теңгені құрап отыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса», белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген.
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!