«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 наурыз күні сағат 20:00 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен қызмет атқару барысында далалық жерде ауыл тұрғынының ІІО тіркеуде жоқ, 12-калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын заңсыз алып жүрген анықталды.
Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!