HALYQLINE.KZ 14 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданды.
Белгілі болғандай, қаңтар айында ТЖО-ның бірінде жөнделіп жатқан «Хюндай Акцент» маркалы автомобильдің қозғалтқышына белгісіз біреу әдейі құм құйып, оны зақымдаған. Материалдық шығын шамамен 1 миллион теңгені құрады.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол 1992 жылы туған қала тұрғыны болып шықты.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабының 1-бөлігімен (Айтарлықтай залал келтіріп, бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда қалалық Полиция
басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!