Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Автобус жүргізушісі бала қағып кетті

10.12.2025, 10:35 37

Куәгерлердің айтуынша, баланы автобус аялдамасы маңындағы жолдан өтіп бара жатқан кезде қоғамдық көлік қағып кеткен.

Қайғылы жағдай 8 желтоқсан күні таңертең Атырау қаласы маңындағы «Байтақ-2» шағынауданында болған. Қоғамдық көлік жүргізушісі алты жастағы баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлікті 58 жастағы жүргізуші тізгіндеген.

«Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталды, қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – деп нақтылады полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: