Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Автобус» іс-шарасы: 2 күнде 128 дерек анықталды

12.06.2024, 12:10 114

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Автобус» профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан жол қауіпсіздігі ережелерін (ЖҚЕ) бұзудың барлығы 128 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, қоғамдық тасымалдаушылар арасында негізгі құқықбұзушылық болып табылатын, яғни жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзғандары үшін – 12, көлік құралын тиісті рұқсатсыз жабдықтаудың – 7, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеудің – 4, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдары 15, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану – 18, маневр жасау қағидасын бұзу – 32, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзу 14, жолдың қарсы бағытына шығып, көлік құралын басқарудың 1 дерегі анықталды. 

Айыптұрғына 12 автокөлік қойылып, 10 мемлекеттік белгі шешілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: