Атырау облысында болған қос кісі өлтіру дерегі бойынша күдікке ілінген азамат шетелде қолға түсті. Бұл туралы inbusiness.kz жазды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шетелдік әріптестерімен бірлескен жедел іс-қимыл нәтижесінде аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктелген ер адамды Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұстаған. Күдіктімен бірге оның бұрынғы жұбайы да анықталған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырған. Тергеу барысында күдікті Қазақстан аумағында жасалған ауыр қылмыстан кейін елден шығып кеткені белгілі болған. Халықаралық деңгейде жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде оның нақты орналасқан жері анықталып, шетел аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарастыруда. Іс бойынша барлық мән-жай толық анықталуы үшін тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ресми мәліметтерге сәйкес, ұсталған азаматтың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылданады.
Фото: Видеодан скрин
Видео: Polisia.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!