HALYQLINE.KZ «Атырау облысы, Жылыой ауданындағы №9 орта мектептің бас бухгалтері бюджет қаржысын жымқырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚМ Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді» деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қылмыстық іс тергелді. Комитет мәліметінше, әйелге 17 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылған. Бұл ақша білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген екен.
«Жылыой аудандық соты мектептің бас бухгалтерін кінәлі деп үкім шығарды. Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі 189-бабы 2-тармағына сәйкес («Бөтеннің мүлкін иемдену немесе жұмсау») айып тағылды. Ол алты жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, осыншауақыт мемлекеттік мекемелерде жауапты қызмет атқара алмайды», – делінген ҚМК хабарламасында.
Сот тергеуі кезінде келтірілген шығынның 4 миллион теңгесі мемлекетке қайтарылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!