Бұл туралы Ақжайық басылымы жазды.
Бұған дейін Атырау облысында жоғалып кеткен Жангелді ауылының тұрғындары Наурыз бен Мирамгүлдің денелері Геолог ықшамауданындағы үйдің ауласынан табылған. Бұл үйді күдікті Сұлтан Сәрсемалиев бұрынғы жұбайы Ақбаянмен бірге жалдап тұрған. Тергеу дерегінше, Сұлтан Сәрсемалиев пен оның жұбайы Ақбаян Алматы қаласына жеткізілген.
Алматыда күдікті тергеу кезінде Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денелерін Геолог ықшамауданындағы бұрын өзі жалдап тұрған үйдің ауласына көміп тастағанын айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, Бұған дейін Жангелді ауылындағы сарайдан да екі адамның мәйіті табылған. Кейін Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталды.
Фото: Тіл кеспек жоқ арнасынан
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!