Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астанада кәсіпкерлерді алдады деген күдікпен ер адам ұсталды

01.04.2026, 10:10 45

Астанада кәсіпкерлерді алдап, жалған құжат көрсету арқылы ақша талап етті деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Тергеу болжамынша, күдікті алдын ала ойластырылған тәсілмен әрекет еткен. Ол жалған сенімхаттар дайындап, өзін Қазақстандағы түрлі брендтердің ресми өкілі ретінде таныстырған. Кейін кәсіпкерлерге хабарласып, тауар сату барысында заңбұзушылықтар анықталғанын айтқан.

Одан кейін мәселені «реттеуге» көмектесетінін айтып, жауапкершіліктен құтылудың жолын ұсынған. Сол үшін кәсіпкерлерден ақша талап еткен. Іс материалдарына сәйкес, эпизодтардың бірі бойынша келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асқан.

Полиция қызметкерлері осыған ұқсас тағы төрт алаяқтық дерегін тіркеген. Күдіктінің жеке басы жедел-іздестіру шаралары барысында анықталып, тұрғылықты мекенжайы бойынша ұсталған. Кейін ол полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: