Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асхана қызметкерінің пайдасына моральдық зиян өндірілді

29.05.2024, 8:25 181

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласының тұрғыны С. есімді келіншек колледж асханасында 2011 жылдан бері жұмыс атқарған. Жұмыс барысында ол асхананың жоғарғы биіктікте орналасқан терезесін тазалау кезінде құлап, дене жарақатын алып, нәтижесінде оған үшінші топ мүгедектігі берілген. Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актіге сәйкес, жұмыс берушінің кінәсі 100% деп танылған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, асхана қызметкері «жабық омыртқа жарақаты, бел омыртқаның 2-дәрежелі компрессионды сынығы, жұмсақ тіндерінің соғылуы» түріндегі дене жарақаттарын алған. Жәбірленуші Қызылорда қалалық сотына жүгініп, болған жазатайым оқиғадан үшінші топтағы мүгедек болып танылғанын, дене жарақаттары салдарынан жұмыс істей алмай қалғанын көрсетіп, моральдық зиян өндіріп беруді сұраған.

Қалалық сот шешімімен талап қою қанағаттандырылып, мекемеден талап қоюшының пайдасына 500 000 теңге моральдық зиян өндірілген. Алайда, мекеме бұл шешіммен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағыммен жүгінген.

«Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істің мән-зайын мұқият зерттеді. Жазатайым оқиғаға дейін әйел дені сау болған, еңбек жағдайлары дұрыс жасалмаған соң жұмыс орнында жарақат алып, соның салдарынан жұмысқа жарамау фактісі болған. Осы жағдайдан әйел жан азабын тартқан. Осыған байланысты, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші саты сотының шешімін өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды» деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: