Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Арзан үй алып беремін…»

17.03.2021, 17:15 494

HALYQLINE.KZ Қызылордада қала тұрғыны арзан бағамен пәтер сатып алуға болатынына сеніп, алаяққа кезігіп қалды.

Полицияға алаяқтық туралы өтінішпен 50 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен пәтерді қол жетімді бағамен сатып алуға көмектесуге уәде берген алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 700 000 теңгені құрайды.

Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотты болған, 1987 жылы туған облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқық алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылығы азаматтарды аса сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: