HALYQLINE.KZ Қазақ дүниетанымында араздасқан жандарды татуластыру – ертеден келе жатқан ғұрып. Ел арасында бітімгершілікке келтіруді абыз ақсақалдар, көнекөз қариялар, сөзі өтімді, дана би-шешендер жүзеге асырған. Олар халықты бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырып отырған.
Араз жандарды татуластыру дәстүрі қазір татуластыру тетіктері арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Бүгінгі күні сотқа жүгінуші тараптар араларындағы дау-жанжалдарды сотқа дейін және сотта өзара татуласу келісімдерімен шеше алады. Бұл үшін барлық жағдай жасалған. Бітістіруші – судьялар, медиаторлар, Билер кеңестері күрмеуі қиын деген түйіннің өзің бітімгершілік рәсімдері арқылы шешуге ықпал ете алады.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Ж» шаруа қожалығының жауапкер «М» фермер қожалығына тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызы және жауапкер «М» фермерлік қожалығының талап қоюшы «Ж» шаруа қожалығына мәмілені, алу-беру актіні жарамсыз деп тану және ақша сомасын өндіру туралы қарсы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот отырысында тараптар өзара татуласу келісіміне келді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 175-бабының 1-бөлігіне сәйкес, татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейінгі сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.
Талап қоюшы «Ж» шаруа қожалығы мен жауапкер «М» фермер қожалығы арасында төмендегі шарттармен татуласу келісімі бекітілді:
«Ж» шаруа қожалығы «М» фермер қожалығынан келісім шартына сай есептелген айыппұл сомасы 8 180 000 теңге өндіру туралы талабынан, «М» фермерлік қожалығы «Ж» шаруа қожалығы арасында жасалған келісімшартты және қосалқы бөлшектерді алу-беру актісін жарамсыз деп тану, 11 000 000 теңгені өндіру туралы қарсы талабынан бас тартты.
Тараптарға жергілікті бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасы 81 800 және 112 917 теңге қайтарылды.
Руслан АЛИБЕКОВ,
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!