Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда заңсыз балық аулаған азамат ұсталды

14.09.2020, 12:00 724

HALYQLINE.KZ 9 қыркүйекте Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Бөген елді мекеніне қарасты «Кіші Арал теңізінің» жағасында заңсыз балық аулап жүрген 40 жастағы аудан тұрғынын ұстады.

Ұсталған азаматтан қайық, 5 дана ау және 126 кг балық алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Балық ресурстарын заңсыз алу) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Егер аталған тұлғалардың кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен ол белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынып, жазаланатын болады.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: