Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақжағалылары жиі пара алатын өңірлер анықталды

22.04.2020, 12:14 548

HALYQLINE.KZ –| Биылғы жылдың 1-тоқсанында жемқорлыққа жол берген 417 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Бұл жөнінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов хабарлады.

Департамен басшысы жемқорлық үшін жазаға тартылған тұлғалар саны 9 пайызға артқанын айтты. Олардың әрбір төртіншісі мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары болып отыр.

– Толықтай алғанда, қылмыстық жауапкершілікке 417 тұлға, оның ішінде республикалық деңгейдегі – 11, облыстық деңгейдегі -37, қалалық және аудандық деңгейдегі 35 басшы тартылды, – деді ол.

Бұдан бөлек, Нұрлан Жақсымбетов жемқорлық жайлаған орталық мемлекеттік органдар мен өңірлерді атады. Мәселен, жемқорлық қылмысы үшін жазаға тартылғандардың 57 пайызы – Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері. Мұнан бөлек, Экология, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Индустрия министрліктерінің де бірнеше қызметкері жемқорлық қылмысы үшін ұсталған. Ал жергілікті атқарушы органдар арасында осы жылдың 1-тоқсанында ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Павлодар облыстары әкімдіктерінде жемқорлар көп ұсталғаны белгілі болып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: