Алматы қаласының апелляциялық соты демократиялық бастамашыл топтың жетекшісі Жанболат Мамайға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл жөнінде оның жары Инга Иманбай Facebook парақшасында жариялады.
- «Бүгін Жанболаттың изоляцияда отырғанына 499 күн болды. Біз күресуді жалғастыра береміз. Біз енді Жоғарғы сотқа, БҰҰ-ның комитетіне шағымданамыз», – деп жазды Иманбай.
Биыл 10 сәуірде Жанболат Мамайға 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, билік өкілін қорлады, кредит амнистиясы бойынша жалған ақпарат таратты» деген айып таққан. Сонымен бірге сот шешіміне сәйкес, алты жыл бойы қоғамдық-саяси жұмыстармен, журналистика, публицистикамен айналысуға және қоғамдық ұйымдардың ісіне қатысуға тыйым салынды.
Мамай сот шешіміне келіспей, апелляциялық шағым берген.
Саяси белсенді Жанболат Мамай 2022 жылдың ақпан айында ұсталған. Ол сол жылдың қараша айына дейін тергеу абақтысында отырды. Кейін үйқамаққа шығарылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!