Б. есімді азамат Қызылорда қаласында орналасқан пәтерінде анасы Г.–ның мазасын алып, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған.
Сот отырысында Б. кінәсін толығымен мойындап, полиция органдарымен қолданған қорғау нұсқамасы талаптарын бұзғанына шын жүректен өкінетінін білдірді.
ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу – он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Азамат Б.-ның әрекеті, іс-құжаттарына тіркелген полиция қызметкерінің баянатымен, жәбірленушінің арызымен, түсінігімен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен дәлелін тапты.
Азамат Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!