Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматыда танысын пышақтаған күдікті ұсталды

25.02.2026, 9:50 41

Алматы қаласында екі ер адамның арасындағы тұрмыстық жанжал қанды оқиғамен аяқталды. Оқиға Медеу ауданында болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, таныс екі азамат сөзге келіп, жанжал барысында олардың бірі қарсыласына пышақпен шабуыл жасаған. Жәбірленуші жарақат алғаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жедел әрекет еткен арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағының (СОБР) қызметкерлері күдіктіні қысқа мерзім ішінде қолға түсірді.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайды жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды тұрмыстық жанжалдарды күш қолдануға жеткізбей, құқықтық жолмен шешуге шақырады.

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: