Қазіргі уақытта алаяқтар түрлі айлаға көшіп, өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі немесе коммуналдық қызмет маманы ретінде таныстырып жүр. Осы арқылы олар азаматтардың сеніміне кіріп, жеке деректеріне қол жеткізуді және қаражатын иемденуді көздейді.
Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады:
– Бөгде адамдарға жеке мәліметтерді (ЖСН, банк картасы нөмірі, SMS-кодтар) бермеңіз
– Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз
– Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз және қосымшалар жүктемеңіз
– Банк қызметкерлері ешқашан құпия код сұрамайтынын есте сақтаңыз
– Ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз
– Күмән туындаса, бірден банкке немесе полицияға хабарласыңыз
Қырағылық пен сақтық – алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы.
Фото: qamshy.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!