HALYQLINE.KZ Жыл басынан бері қалада алаяқтық бойынша 527 іс тіркелген, бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңіндегі деректен 42 іске жоғары. Әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық бойынша 285 іс өндірістік қарауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Айдарбек Құрбанов мәлімдеді.
– Қазіргі уақытта ең көп тіркеліп жатқан алаяқтық қылмыстар әлеуметтік желі арқылы болуда. Атап айтқанда, ақшаны еселеп беру, азаматтардың деректерін пайдаланып онлайн несие алу, «Колеса», «Инстаграм», «ОЛХ» жарнама парақшаларындағы жалған хабарландыру арқылы сауда жасау болып отыр. Сондай-ақ, «балаңызды полиция қызметкері ұстап тұр, оны шығарып алу үшін ақша аудару керек» деген қылмыстардың ізін суытпай ашу бағытында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде ҚПБ-мен осындай қылмысты жасаған 17 дерекке қатысы бар деген күдікті адам ұсталып, қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деді А.Иманбердіұлы.
Сондай-ақ, жоғалған ұялы телефонда сақталған жеке деректерді пайдаланып жасалған фактілер де бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!