Қызылорда облысының Шиелі аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-б. (алаяқтық) 1-бөлігіне сәйкес қылмыс жасау М. азаматқа қарсы қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы М. 2021 жылдың 06 желтоқсанында жәбірленушімен ұялы телефонының «Whatsaap» желісі арқылы хабарласып, оған «өзінің қоғамдық жұмыспен қамту орталығында жұмыс істейтінін, көпбалалы аналармен мұқтаж жандарға көмек ретінде үй алуға мүмкіншілігі бар екенін, алайда ол үйді алу үшін жалпы 700 000 (жеті жүз мың) теңге ақша керек екенін» айтып, алдау жолымен сендірген.
Сөйтіп сотталушы М. жәбірленушінің сеніміне кіріп, жалғаспалы құқықбұзушылық әрекеттерімен бөтеннің мүлкін жымқыру арқылы сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденіп, 560 000 теңгені бас пайдасына жаратқан.
Нәтижесінде жәбірленушіге барлығы 560 000 (бес жүз алпыс мың) теңге мүліктік шығын келтірген.
Сотталушының қылмыстық құқықбұзушылық іс-әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен қатар, іс құжаттарымен дәлелін тапты.
Сот үкімі сотталушы М. -ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 (он) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Анар ӨМІРӘЛИЕВА,
Шиелі аудандық сотының бас маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!