Халық арасында алаңдатушылық туғызып отырған коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан Қызылорда облысында тағы да екі адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірінші дерек бойынша ”WhatsApp” желісі арқылы “Класстар” чатына “Короновирус деген біздің Бекбауылдан шығыпты, Аралға алып келіп жатыр” деп аудиожазбаны белгісіз әйел адам таратып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Екінші дерек бойынша “WhatsApp” желісі арқылы “Ағайындар” чатына нақты аты-жөнін айтып, ауырмаған аудан тұрғыны коронавирус ауруымен ауырып, ауылда еркін жүр – деген аудиожазбаны белгісіз әйелдің таратып жатқаны туралы арыз келіп түскен. Бұл деректер дереу тексеріліп, жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде мессенджер арқылы жалған ақпарат таратқан Қызылорда облысы Арал ауданының 33 жастағы тұрғыны мен Жаңақорған ауданының 50 жастағы тұрғыны анықталды. Ұсталған күдіктілер өз әрекеттерін толық мойындап, өкінетіндіктерін айтты. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4 бөлігімен (төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері аймақ тұрғандарын төтенше жағдай кезінде жалған ақпараттарды таратпауды, күнделікті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіліп, арандатушыларды анықтау жұмыстары үнемі жүргізілетіндігін ескертеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!