Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 4-бөлігімен азаматша Н.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Азаматша Н. жәбірленуші Д.-ның есігін қағып, айғай-шу шығарып, есігін ашпаған соң, тұрғын үй терезесінің екі әйнегін сындырып, тұрғын үй мүлкіне залал келтіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сот отырысында Н. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдіріп, алдағы уақытта қайталанбайтынын жеткізді.
Сотта жәбірленуші Д. оқиғаны қуаттап, қазіргі уақытта үйінің терезесі әлі қалпына келтірілмегенін көрсетіп, Н.-ға заң бойынша тиісті шара көруді сұрады.
Азаматша Н.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және істің басқа да құжаттарымен бекітілген.
Қазалы аудандық сотының қаулысымен азаматша Н. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 137 620 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!