Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Air Astana» жолаушымен неге соттасты

14.11.2025, 8:10 105

HALYQLINE.KZ

Тараптар 22 миллион теңгеден астам материалдық шығынды өндіру туралы дау бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Қызылорда қалалық соты.

Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы «Air Astana» АҚ жауапкер У.-дан материалдық шығынды өтеу туралы талап қоюмен жүгінген.

Талап қоюда көрсетілгендей, «Air Astana» АҚ ұшағы «Астана-Алматы» бағыты бойынша рейсті орындап, трапқа дейін күтіп тұрған кезде жауапкер У. апатты шығу есігін өз бетінше ашқан.

Апатты шығу есіктері тек төтенше жағдайларда және экипаждың бұйрығы бойынша ғана пайдаланылады.

Апатты шығу есігін ашу және эвакуациялық үрлемелі трапты іске қосу нәтижесінде, талап қоюшыға материалдық шығын келіп, трапты ауыстыру қажеттілігі туындаған. Ауыстыру құны 22 995 936 теңгені құраған.

Сот тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, келісім жасауға мерзім берген.

Берілген мерзімде тараптар өзара келісімге келгендерін көрсетіп, медиациялық келісімді бекітуді сұраған.

Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 6 698 426 теңге өтемақыны 2025 жылғы 20 қарашаға дейін төлеуге міндеттенген. Талап қоюшы өз кезегінде 22 995 936 теңгені өндіруді сұраған талап қоюынан бас тартқан.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

 Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: