Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік желідегі алаяқтар саны артқан

23.11.2021, 11:15 763

HALYQLINE.KZ Қала әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда ҚПБ бастығының жедел қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Ғалымжан Өмірзақовтың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті. Брифингте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қалалық Полиция басқармасымен 2021 жылдың 11 айында атқарылған кешенді жұмыстар, алаяқтық дерегімен тіркелген қылмыстардың жай-күйі туралы баяндалды.

Қала көлемінде жыл басынан бастап 493 алаяқтық қылмысы тіркелген. Оның ішінде, әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық қылмысының 268 дерегі тіркеліп (ақша табу, несие алып беру, ақшаны 2 есе көбейту туралы пирамида түрлері), 8,9 пайызға жоғарылаған. Азаматтардың немқұрайлық танытуы, сондай-ақ, қылмыстық жауаптылықтың ізгіленуі алаяқтық қылмысының өсім алуына әкелген.Қазіргі уақытта, ең көп тіркелген алаяқтық қылмыстардың қатарында әлеуметтік желі арқылы көп пайда табу, ақшаны еселеп беру немесе азаматтардың сыртынан онлайн несие алу, колеса, инстаграм, ОЛХ жатады.

Қылмыстық істерге талдау жүргізу барысында, несие беріп отырған мекемелердің барлығы Алматы қаласында орналасқан «Кредит24», «Онлайн Финанс», «Займер», «Выгодный кредит» тағы сол сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері екені анықталған. Басқарма тарапынан аталған серіктестіктер тарапынан несие рәсімдеу барысында біршама кемшіліктерге жол беретіні анықталып, оны жою бағытында және серіктестіктердің қызметіне уақытша шектеу қоюға Алматы қаласының Әділет Департаментіне, тиісінше серіктестіктердің басшыларына қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының талабына сай ұсыныс жолданған.

Күмәнді мән-жайға тап болған жағдайда, күмәнді тұлғалармен байланысқа түспей, дереу полиция қызметкерлеріне жүгінуге шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: