Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдік қызметкерлерінің лудоманияға шалдыққаны анықталды

20.03.2026, 9:40 34

HALYQLINE.KZ

Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысқаны әшкере болды, деп жазады inbusiness.kz.

Екібастұзда бірқатар мемлекеттік қызметшінің букмекерлік кеңселерде белсенді шоттары болғаны анықталды. Прокуратура дерегінше, олардың кейбірінің шот айналымы миллиондаған теңгеге жеткен.

Қала прокуратурасы әкімдік қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, лауазымды тұлғалар заңнамалық тыйымға қарамастан букмекерлік кеңселерде белсенді шоттарға ие болған.

ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісінің жеке шоты бойынша айналымы 6,8 млн теңгені құраған.

Ұқсас заңбұзушылықтар ауылдық округ әкімі, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жеті қызметкері тарапынан да анықталып отыр.

«Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша барлық құқықбұзушылық фактілері жөніндегі материалдар Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтауға бақылауды әлсіз жүргізгені үшін қала әкімі аппаратының жауапты басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген прокуратура хабарламасында.

Фото: narkotiknet.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: