Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әке ізін жалғаған

18.10.2024, 10:00 201

HALYQLINE.KZ

Құқық қорғау қызметкерінің жұмысын оңай деп есептейтіндер қателеседі. Себебі, құқық қорғау қызметкерінің басты ұстанымы – өз ар-ожданының алдында таза болу. Қандай қиындықтар, кедергілер болса да шыдау. Ал, бұл – кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс.

Құқық қорғау қызметкері – халықтың қорғаны. Оның міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан әр тәртіпке шақырушы тұлғаның бойында тек адалдық пен кәсібилік шеберлік болуы шарт. Сонымен қатар, білімді, білікті, бірді ғана емес, мыңды жығар білекті де болуы тиіс. Отанын сүйген адам ғана ел мүддесін бәрінен биік қояды. Қашанда ел тыныштығын, бейбіт адамдар өмірін қорғау жолында ерлік көрсеткен ішкі істер саласының тарихында да жастарға үлгі боларлық тұлғалар жеткілікті. Ал, жас маман осындай тұлғаларды тануға тиіс.

Құқық қорғау саласында ерекше кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін ұштастыра білген, қызмет барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, қоғам алдында міндетін адал атқарған қызметкер – Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті режим және қадағалау тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, әділет майоры Дастан Тұрарұлы Сайдильдинов. Ол 1988 жылдың сәуір айының 22-жұлдызында Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2009-2011 жылдар аралығында Павлодар заң колледжінде білім алып, лейтенант шенімен офицер дәрежесіне көтерілген. 2012-2015 жылдар арасында Қызылорда гумманитарлық «Ақмешіт» институтында «Құқықтану» пәні бойынша білімін жетілдіреді.

Әкесі Тұрар Темірманұлы – құқық қорғау жүйесінде қызмет атқарған үлгілі әке, үлгілі ата әрі ардагер. Қазақта әке ұрпағына үлгі болып, ұл-қызын тәрбиелеген. «Бір әкенің тәрбиесін 100 мектеп те бере алмайды» деген нақылға сүйенсек, Дастанның әке жолын қуып, құқық қорғау саласының қызметкері болуына отбасындағы тәрбие ықпал етсе керек. Дастанның бойындағы нағыз ер-азаматқа тән ер мінезділігі, қызметіне деген адалдығы, жауапкершілігі, еңбекқорлығы мен батылдығы – әке мектебі жемісінің көрінісі. Отбасында сүйікті жары Айгерім Ерғалиева екеуі ұл-қыз өсіріп отыр, көпбалалы үлгілі әке.

Сонымен қатар отбасында ағасы Рустем Тұрарұлы Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінде қызмет атқарады.

Дастан Тұрарұлының алғашқы еңбек жолы 2011 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті Байқоңыр қалалық пробация қызметінің инспекторлығымен басталып, осы салада әртүрлі бөлімде қызмет атқарып, өзінің сауаттылығының арқасында қызметі жоғарылады. Ол осы қызмет барысында 2024 жылдың қыркүйек айының өзінде-ақ үлкен қылмыстың алдын алып, қылмыстарды ашуға септігін тигізді.

Әділет майоры Дастан Тұрарұлы жас та болса, бас болып ізінен ерген қызметтес інілерін бір ауыздан темірдей тәртіпке үйретіп жүрген өз қызметінің нағыз маманы, хас шебері десек қателеспейміз. Оның  қызметіне деген адалдығы, бөлімдегі түрлі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласатындығы да – құқық қорғау саласының үздік қызметкерінің бір  қыры. Қазіргі таңда оның еңбегі елеусіз қалмай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығы тарапынан төсбелгілер мен алғыс хаттармен марапаталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60  мекемесінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: