Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат Б.-ға қатысты іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. алкогольдік мас күйінде жұбайына былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған және бұл әрекетті әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!