Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Адам саудасын бірге тоқтатамыз» ақпараттық акциясы өтті

30.07.2020, 10:50 468

HALYQLINE.KZ Біріккен Ұлттар ұйымы 30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні деп белгіледі, оны халықаралық қауымдастық 2014 жылдан бастап атап өтуде.

Осы орайда, бүгін Қызылорда облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Адам саудасын бірге тоқтатамыз» атты ақпараттық науқаны өткізілді.

Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – адам саудасының проблемалары туралы хабардарлықтың деңгейін арттыруға бағытталған тұрғындар арасында мәдени-ағартушылық және ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру.

Жүргізілген ақпараттық акция барысында полицейлер үкіметтік емес ұйым қатарынан Қызылорда облысы «Шағын кәсіпкерлер-әйелдер қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесіп, адам саудасы қылмысының алдын алу мақсатында қалалық саябақтар, алаңдар, сауда орталықтары, теміржол және автовокзалдарда, облыс орталығындағы құрылыс объектілеріндегі жұмысшылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үнпарақтар таратты.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары адам саудасына байланысты қылмыстың алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі сұрақтар бойынша жұмыс жасайтын сенім телефондары (116 16) жөнінде ақпараттандырды.

Айта кетерлік жайт, қызылордалық полицейлер мұндай мақсаттағы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде өткізуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: