Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адалдық пен заңдылық – қоғамның сенімді кепілі

10.12.2025, 17:00 39

HALYQLINE.KZ

Аймақта 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында бір емес, бір-бірін толықтырып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті көтеруге бағытталған бірнеше маңызды іс-шара өтті. Солардың бірі – А.Тоқмағамбетов мәдениет үйінде өткен «Адалдық пен заңдылық: қоғамның сенімді кепілі» атты кең көлемді форум. Іс-шараның мақсаты – елдегі заң үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов, ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мира Бейбітова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс офицері Әлібек Жаппасбаев, сондай-ақ жастар ұйымдарының жетекшілері, БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Іс-шарада жыл бойы белсенді жұмыс жүргізген мамандар түрлі аталым бойынша марапатталды. Форумда айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар әділдік қағидаттарын нығайтуға, азаматтық белсенділікті арттыруға және жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: