Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«947 млн теңге жымқырған»: Дубайда Қазақстан азаматы ұсталды

31.12.2024, 10:05 107

HALYQLINE.KZ

Компанияның қомақты ақшасын иемденді деген күдікті қазақстандық Дубайда ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Полиция мәліметінше, Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.

«2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған» делінген хабарда.

Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: