Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

800-ге жуық құқықбұзушылық анықталды (Видео)

15.03.2023, 12:35 221

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.

Кезекші тәулікте «102» нөміріне 1002 хабарлама келіп түсті, оның ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 790 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау),- 182 жүргiзушi  және 591-бабының 1-бөлігімен (көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы ) 59 ,597-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) – 33, 600-бабының 1-бөлігімен (жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау) 60 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, 3 құқық бұзушы жауапқа тартылды ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша (көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің басқаруы).

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластау) бойынша 49 құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді.

– Біздің орталық өз жұмысын ешқашан кідірткен емес. Сондықтан сеніммен айта аламын, Қызылорда қаласы тұрғындарының тыныш ұйқысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысымызды одан әрі де жалғастыра береміз, – дейді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бастығы Берікбол Еримбетов.

                             Қызылорда облысы  ПД баспасөз қызыметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: