Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

700-ден астам шетелдік азамат әкімшілік заңнаманы бұзған

13.04.2023, 10:02 247

Ақмола облысында 700-ден астам шетелдік азамат әкімшілік заңнаманы бұзды. Бұл туралы  halyqline.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы жылдың алғашқы 3 айында Ақмола облысына 2 мыңнан астам шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар келген. Олардың 38-і алыс шетелдердің өкілдері. Ақмола облысы ПД көші-қон қызметінің бөлімшелері шетелдік азаматтар жасайтын құқық бұзушылықтардың алдын алуды, олардың қызметін құжаттауды және ҚР-да болу қағидаларын өрескел бұзушыларды елден шығарып жіберу жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері шетелдіктерге қатысты жасалған 24 қылмыс және өңір аумағында шетелдік азаматтар жасаған 9 қылмыс анықталды. 

Сонымен қатар, алыс және жақын шетелдердің 37 өкілі ҚР-да болу ережесін бұзғаны үшін елден шығарылды. Көші-қон қызметінде атап өткендей, болу елінің заңдары мен көші-қон заңнамасын білмеу, жосықсыз жалдау тәжірибесінің салдарынан еңбек қызметіне рұқсат құжаттарының болмауы көшіп-қонушылар үшін негізгі кедергілерге айналады. Осыған байланысты көші-қон қызметтерінің ерекше бақылауында тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзу фактілерінің жолын кесу. 

Мәселен, осы жылдың 1 тоқсанында көші-қон қызметінің бөлімшелері шетелдіктерді қабылдаған 292 қабылдаушы тарапқа уақтылы есепке қоймағаны үшін айыппұл салды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбек көшіп келушілерді тартқаны үшін 36 әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: