HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019-2020 жылдарға арналған «Ұрлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасының талаптарын орындау мақсатында, Шиелі аудандық полиция бөлімімен мобильдік топтар құрылып іс-шаралар өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан көлемінде болған мал ұрлығы қылмыстарын ашу, алдын алу, жолын кесу және болдырмау.
Аудан көлемінде жүргізілген рейд барысында мал тасымалдаудың 1 дерегі анықталды. Қараша айының 7-сінен 8-іне қараған түні Шиелі кентінде «Газель» автокөлігі тоқтатылып, жүк салғышын тексеру барысында алты бас ірі қара сиыр малы еш құжатсыз тасымалдағаны анықталды.
Тексеру барысында аталған ірі қара малдар Ы.Жахаев ауылына қарасты егістік алқапта өз беттерінше жайылып жүрген жерінен ұрланған малдар болып шықты.
Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 43 жастағы аудан тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы
Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!