Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

533 мыңнан астам қаржылық құжат қабылданды

06.03.2023, 17:00 250

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік қаржыларының мақсатты жұмсалуын және атқарылуын қадағалап отырады. Өткен жылы «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі арқылы 523879 қаржылық құжат қабылданса, оның 515204-і өңделген. Сәйкесінше, талаптарға сай орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Әуезбек Дүйсенбаев мәлімдеді.

– Бюджет қаржыларының мақсатты жұмсалуы қадағаланып, олардың атқарылуы және кемшіліктері жөнінде облыстық, қалалық, және аудандық әкімдіктерге ай сайын арнайы хат түрінде барлық және жекелеген мемлекеттік мекемелер бойынша кемшіліктері көрсетіле отырып, тиісті ақпараттар жолданып отырады. Бұған қоса, 2022 жылға бөлінген жалпы қаражат көлемі 99 пайызға орындалды. Сонымен қатар, өткен жылы департаментке жеке және заңды тұлғалардан 29 өтініш түсті. Сәйкесінше, арыз шағымдар қаралып, тиісті жауаптар берілді, – деді Әуезбек Сейткамалұлы.

Сондай-ақ, былтыр 817 мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетілген. Оның ішінде, 58-і –
республикалық бюджет, 593-і – жергілікті бюджет, 146-сы – жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, 20-сы – квазимемлекеттік сектор субьектілері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: