HALYQLINE.KZ Көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу мақсатында республика аумағында 2020 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтті.
Шара барысында Қызылорда қалалық пробация қызметі, облыстық және қалалық прокуратура қызметкерлерімен, жергілікті полиция қызметінің полиция инспекторларымен бірлесіп, пробация есебінде тұратын азаматтарды мекенжайынан, жұмыс орнынан тексеру жұмыстарын жүргізді. «Құқықтық тәртіп» іс-шараның жеті күндік нәтижесінде 300-ге жуық пробация есебіндегі азаматтың тұрғылықты мекенжайынан, жұмыс орнынан тексеру жүргізіп, қайта қылмыстың алдын алу, болдырмау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 4 сотталғанға сот үкімімен белгіленген міндеттерді орындамаған үшін ескерту жасалды.
Қызылорда қалалық пробация қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!