Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

4 азамат сот залынан қамауға алынды

04.11.2020, 14:15 503

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылық, қайта қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Жыл басынан аудандық пробация қызметі бірнеше мәрте ескертулерден қорытынды шығармаған, сот жүктеген міндеттерді орындамаған, 13 есепте тұрған сотталғанның іс-құжаттарын бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолдаған. Сот қаулысымен 9 сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстырылып, ҚАЖ мекемелеріне өтеуге жіберілді.

Ал, 4 сотталған түзелу жолына түсудің орнына пробациялық бақылау мерзімі ішінде ескертулерге қарамастан тіркелуге келмей, әкімшілік құқықбұзушылық жасап, сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін сот қаулысымен сот залынан қамауға алынды.

Шиелі аудандық пробация қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: