Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

385 түп сора еккен күдіктілер ұсталды

16.06.2021, 9:20 786

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы аумағында жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 13 маусым күні Сырдария ауданына қарасты “Қызылорда-Құмкөл” тас жолының 180 шақырымында далалық жерде полицейлер 385 түп сора өсімдігін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнында облыстың үш тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ екі дана темір құтысына салынған кептірілген есірткі заты, кесілген бес литрлік пластмасса ыдысына салынған сора өсімдігінің тұқымы, тіркеуде жоқ, нөмірсіз, тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді. «Қарасора – 2021” жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, Қызылорда облысының аумағынан жабайы сораны заңсыз жеткізу арналарын жабу.

Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кетерлік жайт, “Қарасора – 2021” іс-шара басталғалы облыс аумағында есірткі егудің 14 дерегі анықталып, 722 түп сора өсімдігі және бір дана тіркеуде жоқ тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Күдікті ретінде алты адам қамаққа алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: