Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

32 жастағы тұрғын өз ауылының қойын ұрлаған

08.09.2020, 12:30 434

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы тұрғынынан өрісте жайылып жүрген 2 бас қойы ұрланғандығы туралы шағым түсті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 32 жастағы сол ауылдың тұрғынын ұстады.

Ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мал ұрлығының алдын алу үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынады. Аулаларда бейнебақылау камераларын немесе дабылды орнатуға болады. Егер ұрлық болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: