Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

25-қабаттан құлап тірі қалған ер адамға қатысты іс судья Күлбаеваға түсті

07.04.2026, 9:55 52

Алматыда 25-қабаттан құлап тірі қалған ер адамға қатысты атышулы іс судья Айжан Күлбаеваның қарауына өтті. Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Ержан Иманқұлов бұрынғы бірге тұрған 31 жастағы Сания Алимжанованы өлтірді деп айыпталып отыр. Психиатрлар оны есі дұрыс емес деп танығанымен, марқұмның туыстары бұл қорытындымен келіспейді. 

Тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға былтыр маусым айында болған. Ержан Иманқұлов бұрынғы азаматтық некедегі әйеліне екі баласының көзінше пышақ жарақатын салған. Кейін 25-қабаттан секіріп, аман қалған. Қорғаушы тарап дәл осы құлаудан кейінгі жарақат пен күйзеліс оның психикалық жағдайына әсер еткенін алға тартып отыр. 

Ал жәбірленуші тарап сотталушының шын мәнінде психикалық дертке шалдықпағанын айтып, оны қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін ауруын қолдан жасап отыр деп есептейді. Марқұмның туыстары оның жадында дәл өзіне тиімсіз тұстар ғана «өшіп қалатынына» күмән келтіріп отыр. 

Сот барысында аға тергеушіден жауап алынып, тұрғын үй кешеніндегі бейнебақылау камераларының тек екеуінің ғана жазбасы іске тіркелгені белгілі болды. Қалған камералардан жазба алынбаған. Жәбірленуші тарап осы жайтқа да назар аударып отыр. 

Марқұм жақтың адвокаттары қайта психиатриялық сараптама тағайындауды сұраған. Алайда судья Айжан Күлбаева бұл өтінішті қанағаттандырмай, қазіргі сарапшылардан жауап алумен шектелетінін мәлімдеді. Енді сот Ержан Иманқұлов қылмыс жасаған сәтте есі дұрыс болды ма, жоқ па, осыны анықтауы тиіс. Егер ол әрекет кезінде ақыл-есі дұрыс деп танылса, оған аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру бабы бойынша нақты жаза тағайындалуы мүмкін. 

Айта кетейік, судья Айжан Күлбаева бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты резонансты істі де қараған болатын. 

Фото: informburo.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: