Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

21 064 566 теңгелік дау

06.12.2024, 14:55 96

HALYQLINE.KZ

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы «Б» АҚ-ның жауапкер А.-дан кепілдегі мүліктен өндіріп алу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.

Жауапкер талап қоюшыдан тауар интервенциясын жүзеге асыру үшін 20 000 000 теңге сомасында қарыз алған. Жауапкер қарызын қайтару жөніндегі борышын уақытылы орындамау себепті қарыз ақшасына сыйақы мен тұрақсыздық айыбын өндіру қосылып, жалпы берешек қарызы 21 064 566 теңгені құраған.

Судья-медиатор тараптарды бітімге шақырып, татуласу рәсімдерінің тиімділігін түсіндірді.

Медиаициялық келісімге сәйкес, жауапкер берешек қарызын 11 116 566 теңге,  желтоқсан айынан бастап ай сайын 2 000 000 теңге төлеп тұруға міндеттелген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқатуға келісімін берген.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: