Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

200-ден аса пиротехникалық бұйым тәркіленді

25.12.2020, 19:00 466

HALYQLINE.KZ Облыста «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 15 рейд ұйымдастырылды. Үш құқықбұзушылық фактісі анықталып, 201 пиротехникалық бұйым тәркіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов баяндады.

– Бүгінде, кәсіпкерлермен пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз пиротехникалық заттарды сататын ірі сауда орындарына, базарларға рейд ұйымдастырып жатырмыз. 3 құқықбұзушылық фактісі анықталып, әр қайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. 201 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баскарма бастығының орынбасары Асхат Оразбеков.

Басты мақсат тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, заңсыздыққа жол бермеу. Сондай-ақ, мереке қарсаңында балалардың жарақат алмауы үшін мектеп инспекторлары «ZOOM» қосымшасы арқылы оқушыларға және ата-аналарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: