Көлікті масаң күйде жүргізген жүргізуші үшін тағайындалатын жаза қаншалықты қатал болса да, ішімдік ішіп көлік жүргізу әрекеті тыйылмай келеді.
Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде қаралған әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер қатарын масаң күйде көлік тізгіндеген азаматқа қатысты іс құрап отыр.
Азамат Т. көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра, 4 қаңтар күні автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде тізгіндеген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежелі алкогольді масаң күйінде болған.
Сот отырысында оның құқықбұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Т. жасаған құқықбұзушылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.
Мас жүргізуші өз өміріне қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар айналасындағылардың да өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан да, ішімдік ішіп, көлік басқару орны толмас қайғыға себепші болатынын естен шығармайық.
Арал аудандық соты
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!