Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

11 жылға жаза арқалады

09.12.2024, 9:30 128

HALYQLINE.KZ

Аса ірі мөлшердегі есірткі затын сатқаны үшін Қызылорда қаласының екі тұрғыны 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында сату мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған Қызылорда қаласының 2 тұрғыны құрықталды.

Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде күдіктілердің мекенжайларынан жалпы салмағы 1 кг 400 гр есірткі заты тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерістің нәтижесінде қылмыстық құқықбұзушылығы бойынша жинақталған барлық құжат, дәлелдер сотқа жолданып, соттың үкімімен аталған күдікті тұлғалар әрқайсысы 11 жылға сотталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: