Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1000 рет зорланған қыздың ісі: Алғашқы сот үкімі шықты

12.11.2024, 11:05 176

Сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 000 теңге беруін талап еткен.

Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушыға қатысты істе алғашқы сот үкім шықты.

Сот үкімімен сотталушы Т. ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып отыр.
Соттың мәліметінше, сотталушы Т. жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтерді жариялаймын деп кәмелетке толмаған оқушыдан 700 000 теңге ақша тауып беруін талап еткен, сөмкесінен 35 000 теңге ақшаны қорқытып алған.

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің біркелкі жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттамасымен, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысымен бекітілген.

Бұған дейін Қызылорда облысында оқушы қызды сыныптастары жарты жыл құлдықта ұстап, жезөкшелікке салғаны белгілі болған еді. Бұл туралы алғашқы мәліметті «НеМолчи» қоры жазды. Қордың дерегінше, қатарластары оқушы қызды секс-құлдықта ұстап, айына кемі 3-4 ммиллион теңге пайда тапқан. Белсенділер 16 жастағы қызды 6 айда 1000 еркектің зорлағанын айтып дабыл қаққан болатын. Бұған дейін оқушыны секс-құлдыққа салған 13 адам бары айтылса, іс бойынша 200 адам тергеліп жатқаны жайлы ақпарат бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: