HALYQLINE.KZ Алматыда 100-ден астам жеміс ағашы заңсыз кесілген.
«Бүгін Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік инспекторлары кезекті рейд жүргізіп, оның барысында Медеу ауданында орналасқан Обсерватория көшесінің бойындағы 5/5 жер учаскесінде 102 жеміс ағашын кесу фактісін анықтады. Белгілі болғандай, оны Алматы тұрғыны кесіп тастаған. Оқиға орнына жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының мамандары шақырылды», – деп хабарлады Экология департаментінен.
Қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қолдануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!