Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген азамат Грузиядан Қазақстанға жеткізілді.
Қазақстан Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің қолдауымен халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстаған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, ол 2019-2021 жылдар аралығында Қазақстанның бірнеше өңірінде қаржы пирамидасын ұйымдастырып, азаматтардан 10 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген деген күдікке ілінген.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған қатысты мүлкін тәркілеу және 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!